2026 жылғы тамызда Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 807 мәміле тіркелді. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен 3,6%-ға аз. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Сату-сатып алу саны бойынша көш басында:
- Алматы қаласы (7 690 мәміле);
- Астана қаласы (6 398)
- Қарағанды облысы (2 825) тұр.
Ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелген. Онда тек 277 тұрғын үй сатылған.
Тамызда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша 27 719 мәміле жасалды. Бұл жалпы сатылымның 77,4%-ын құрайды. Көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 3%-ға, яғни 856 мәмілеге аз. Ең көп сатылғаны – бір бөлмелі пәтерлер (10 806). Сондай-ақ 8 088 жеке тұрғын үй сатылған. Бұл да шілдедегі көрсеткіштен 5,8%-ға төмен.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы тамыздағы тұрғын үй мәмілелерінің саны 2025 жылдың тамызымен салыстырғанда 13,5%-ға төмендеген. Былтыр тамызда 41 380 мәміле тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 35 807 болды.
Астанада тұрғын үй сатуда алаяқтық жасаған төрт адам сотталды