USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Талдықорғандағы сарбаз өлімі: пулеметте оқ қалып қойғаны үшін офицер сотталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Қайғылы оқиғадан кейін жүргізілген тексеріс атыс жаттығуларынан соң қарудың толық тексерілмегенін көрсетті.

Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза табуынан кейін батальон командирінің орынбасары төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады әскери прокуратура.

Қайғылы жағдай 2025 жылғы 23 қыркүйекте қару-жараққа техникалық қызмет көрсету кезінде болған. Тергеу мәліметтері бойынша, пулеметтен кездейсоқ оқ атылған. Салдарынан қатардағы сарбаз жарақат алып, көз жұмды.

Тергеу барысында батальон командирінің орынбасары қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етпегені анықталды. Ол, соның ішінде, бір күн бұрын өткен атыс жаттығуларынан кейін қаруды толық тексеру жұмыстарын ұйымдастырмаған. Осылайша пулемет ұңғысында оқ қалып қойған. Әскери қызметшінің қаза болуына дәл осы жағдай себеп болды.


Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров Мальдив аралдарына кімнің есебінен барған? Министр жауап берді


Алматы гарнизонының әскери соты офицерді Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") бойынша кінәлі деп таныды. Оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз