USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Михаил Шайдоров Мальдив аралдарына кімнің есебінен барған? Министр жауап берді

Видео скрині @aislumurzagalieva в TikTok
Видео скрині @aislumurzagalieva в TikTok
Министр Мальдивтегі демалысқа бюджет қаражаты жұмсалмағанын айтты.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Мальдив аралдарындағы демалысы спорт федерациясының қаражаты есебінен ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, спортшылардың демалысын қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген. Барлық шығынды спорт федерациялары көтерген.

Ербол Мырзабосынов демалыс орнын таңдау әр спортшының жеке шешімі екенін атап өтті. Оның сөзінше, бүгінде спортшыларды қолдау жүйесі тек жалақы төлеумен шектелмейді. Оған жарақаттан кейінгі оңалту, қалпына келтіру және жеке дайындық бағдарламалары да кіреді.

"Әр спортшыға дербес тәсіл қолданылады. Федерациялар мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, атлеттердің қажеттіліктеріне қарай қолдау көрсетеді", – деді министр.

Министр спортшыларға арналған қолдау шаралары тек Олимпиада чемпиондарына немесе жүлдегерлерге ғана арналмағанын айтты.

Оның айтуынша, ұлттық құрама сапындағы барлық спортшы өңірлік және республикалық деңгейде қолдау алады. Бұл жүйе спортшылардың нәтижесіне, дайындық жоспарына және қалпына келу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.

Сондай-ақ өңірлік бюджеттер есебінен спортшыларға оңалту және қалпына келтіру бағытында қосымша көмек көрсетілетіні айтылды.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз