Талдықорғанда интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Олар жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен өз үйлеріне шақырған.

Жетісу облысында интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Прокуратура мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңірде азаматтарды психологиялық қысым көрсету арқылы бопсалаумен айналысқан. Олар әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен өз үйлеріне шақырған.

Жәбірленушілерді жалған түрде "зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз" деп қорқытып, мәселені реттеу үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Осы әрекеттерден азаматтар қатты қысымға ұшыраған.

30 қаңтарда Талдықорған қалалық соты үкім шығарып, сотталушылар қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз