Тікелей эфир

Талапкерлер ең көп таңдаған мамандықтар қайсы?

Талапкерлердің басым бөлігі Алматының, Астананың және Шымкенттің ЖОО-ларын таңдаған.

19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың).

"Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар" (22 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (16 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (11 мың) бар. Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" – 9 мың. Әрі қарай "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" – 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында "Медицина" тұр, оны төрт мың талапкер таңдаған", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 20 шілде грант конкурсына өтініштер қабылдаудың соңғы күні болып табылады. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. ЖОО-ға виртуал қабылдау комиссиясы істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады. 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары