Жаңа заң жобасы биыл күшіне енуі мүмкін.
Елде заңсыз такси қызметімен айналысқандар қатаң жазаланатын болады. Қазір олардың көлігін айып тұрағына қою мәселесі қарастырылып жатыр. Заң жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Көпшілік мақұлдаса, биыл күшіне енеді, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Заңсыз такси қызметін көрсеткендерді әкімшілік жазаға тарту заң жобасы өткен жылдың тамыз айында ұсынылған еді. Алайда, кейін толықтыруға жіберілді. Енді жаңа нұсқасы "Ашық үкімет" порталында жарияланды. Бұл жолғы ұсыныста әкімшілік жаза қатаңдатылған.
"Бұл заң жобасы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан адам анықталған жағдайда оның көлігін тәркілеп, айып тұрағына қою үшін дайындалған. Яғни құқық қорғау органдары заңсыз такси қызметі мәселесін шешкенше көлік айып тұрағында тұрады", – деді Әділет министрлігі заңнама департаменті әкімшілік заңнама басқармасының басшысы Салтанат Серікбаева.
Жаңа заң жобасында заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан жеке тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш, шенеуніктерге 25, ал заңды тұлғаларға 25-тен 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.
Оқи отырыңыз: 2022 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгерді? 12 әкімшілік құқық бұзушылыққа шолу
Егер жүргізуші 12 ай ішінде заң бұзушылықты қайталаса, бұл сома екі еселенеді.
Әкімшілік жазаға қатысты жүргізушілердің пікірі екіге бөлінді. Жолаушы тасымалымен заңсыз айналысқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту заң жобасы "Ашық үкімет" порталында 19 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. Содан кейін Үкіметке жолданып, мәжілісте қаралады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-