Такси қызметі қашан арзандайды?

Қазақстанда саладағы 9 компанияға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда қызметінің бағасы сапасына сай болмаған такси компаниялары қатаң тексеріледі. Яғни, мұндай компаниялар клиентке қай уақытта қандай бағамен қызмет көрсеткенін ашып көрсетуі тиіс болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұған дейін мобильді қосымша арқылы шақырылатын такси қызметі күрт қымбаттап кетуіне байланысты наразылық туған. Бағаның кез келген уақытта құбылатынынан бөлек, сервис сапасы да құлдыраған. Осыған орай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазірдің өзінде ең ірі деген 9 компанияға мониторинг жүргізіп жатыр. Мониторинг қорытындысы желтоқсан айының соңында шығады.


Оқи отырыңыз: 


Қазақстан аумағында 9 ірі және өзге де шағын такси агрегаторлары жұмыс істейді. Ірілері: Yandex.taxi, Uber, Bolt, Maxim, Region, DiDi, Aparu, Tappy такси және Indriver. Сапардың құны белгілі бір қаладағы нарықтың жұмыс істеу ерекшеліктеріне, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына, сапарлар бағасының орташа деңгейіне, сондай-ақ ықтимал шығындар ескерілген алгоритмдерге негізделген динамикалық баға белгілеу арқылы анықталады.

Әйтсе де, Yandex.такси и Uber компаниясы баға нарығына қатысты мәліметті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне беру үшін қосымша тағы 8 күн уақыт сұрап отыр.

Айта кету керек, бүгінде такси қызметін пайдаланатын клиенттердің 80 пайызы мобильді қосымша арқылы тапсырыс береді.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Бөлісу:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары