USD: 470.9 / 474.9
  • EUR: 542.5 / 547.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Таиландтың Ко Самуиі Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі үздік арал атанды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Аралда Анг Тхонг ұлттық теңіз паркі және жергілікті балықшылар ауылдарының дәстүрлі тыныс-тіршілігі үйлесімді тоғысқан.

Таиландтың Туризм басқармасы Travel + Leisure Luxury Awards Asia Pacific 2026 сыйлығының қорытындысы бойынша Ко Самуи аралы "Үздік аралдар" номинациясында бірінші орын алғанын хабарлады.

Ко Самуимен қатар Таиландтың өзге де танымал туристік бағыттары жоғары бағаланды. Бангкок Азиа-Тынық мұхиты өңіріндегі үздік қалалар арасында екінші орынға ие болса, Пхукет алтыншы, Ко Чанг оныншы орыннан көрінді. Ал Чиангмай өңірдің үздік он қаласының қатарына енді. Осылайша Таиланд туристік бағыттар рейтингінде бірден бес позицияны иеленіп, халықаралық деңгейдегі жоғары беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл нәтиже Таиландтың қонақжайлылығының жоғары деңгейін, дамыған туристік инфрақұрылымын, табиғи ландшафттарының алуан түрлілігін, бай мәдени мұрасын және саяхатшыларға ұсынатын ерекше әсерлерінің мол екенін көрсетеді.

Биылғы рейтингте ерекше назар Ко Самуи аралына аударылды. Мұнда әлемдік деңгейдегі курорттар, дамыған гастрономиялық мәдениет, көркем жағажайлар, кокос тоғайлары, сарқырамалар, Анг Тхонг ұлттық теңіз паркі және жергілікті балықшылар ауылдарының дәстүрлі тыныс-тіршілігі үйлесімді тоғысқан. Заманауи туристік мүмкіндіктер мен табиғи әрі ұлттық болмыстың үйлесімі аралды өңірдегі ең тартымды демалыс орындарының біріне айналдырып отыр.

Айта кетейік, Travel + Leisure Luxury Awards Asia Pacific 2026 сыйлығы халықаралық оқырмандардың дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау