Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Прокуратураның мәліметінше, бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Алайда ол Алматы әуежайына келген бойда ұсталған.
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын "оңай табыс" пен тегін саяхат туралы ұсыныстар халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертті.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай қылмысқа қатысқан адамдардың барлығы, атқарған рөліне қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.