FlyArystan-ға қол жүгінің артық салмағына байланысты тергеу жүріп жатыр

Фото: t.me/flyarystan_inform
Фото: t.me/flyarystan_inform
Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар.

FlyArystan әуе компаниясының ұшаққа отыратын жолаушының қол жүгінің артық мөлшеріне ақы белгілеу тәртібі тексеріліп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қалалық басқармасының басшысы Нұржан Нұрланұлы айтты.

Нұржан Нұрланұлының айтуынша, мекеме FlyArystan артық мөлшер үшін қымбат ақы алғанын анықтаған.

"Мәселен, жүк мөлшері 1 кг асқан адам мен 5 кг асқан жолаушы бірдей ақы төлеуге мәжбүр болған. Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар. Бұл тәсілден бас тарту тұтынушылар құқықтарын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды", – деді Нұржан Нұрланұлы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз