Тікелей эфир

"Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр

Сауда-саттық сайттарының бірінде бір тәулік ішінде 200-ге жуық үй сатылымға шыққан.

Қыста жылусыз қалған Екібастұз тұрғындары қаладан жаппай көшіп жатыр. Кеншілер қаласында пәтер сатылымы көбейіп, бағасы арзандап кетті, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Қыстағы апаттан кейін жарнама сайттарында "пәтерімді сатамын, не жалға беремін" деген хабарламалар көбейген. Мысалы, сауда-саттық сайттардың бірінде бір тәулік ішінде 200-ге жуық үй сатылымға шыққан. Баспана құны өте арзан екенін байқауға болады. Бұрын 9-10 миллион теңге тұрған бір бөлмелі пәтерлер 4-5 миллионның шамасында болса, екі бөлмелілердің құны 7 миллион теңгеден тұр.

Қала тұрғыны Юрий Павленконың айтуынша, халық өткен қыстағы жағдайға қайта ораламыз ба деп қорқады.

"Иә, қазір Екібастұз жұртшылығы өте алаңдаулы. Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр. Пәтерлер құнсызданып қалды. Өте арзан бағада сатылып жатыр. Олар жылу орталығы әне-міне жөнделеді дегенге сенбейді", – деді Юрий Павленко.


Оқи отырыңыз: Жұманғарин: Екібастұзда әлеуметтік бағыттағы тарифтік саясат үстем болған


Әкімдіктегілер келесі жылыту маусымына дейін жылу орталығындағы сегіз қазандық жөнделетінін айтты.

"Жылу электр орталығында 10 қазандық агрегаты бар. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, ұзындығы 5,4 шақырым болатын негізгі жылу магистралін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Зақымданған құбырлар ауыстырылып жатыр. Халыққа алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Әнуарбек Аманов.

Айта кетейік, өткен қыста Екібастұзда тозған жылу желілері бірнеше жерден жарылып, ірі апат болып, жүзге жуық тұрғын үй жылусыз қалған болатын. Бүгінде жартысынан жуығы ыстық судан ажыратылған. 

Серіктестер жаңалықтары