Қолжазба өзбек тілінде жазылған.
Тәжікстан аумағында ұлы қолбасшы, сайыпқыран Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды, деп хабарлады ӨзА ақпарат агенттігі.
"Мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижри 1 027 жылдың датасы жазылған. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді" делінген ақпарат агенттігінің хабарламасында.
Әзірге қолжазбаны кім жазғаны, кім және қайдан көшірілгені белгісіз. Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Өзі билеген Самарқанда Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш жоқ
- Бағзыдан келе жатқан ұсталар мәдениеті. Темір ұстасының киесі мен иесі болады