Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев борышкерлердің кіріс көзін анықтау мақсатында агрегатор-сайттарды қолданудың маңызды екенін жария етті. Бұл әдіс борышкерлердің өзге де қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі. Осылайша, борышты өтеу үдерісін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Агрегатор-сайттар түрлі ақпараттық көздермен байланыса отырып, борышкерлер туралы толыққанды мәліметтер жинауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер қоғамдағы қаржылық тәртіпті нығайтуға және берешек мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде.
"Борышкерді жұмысқа орналастыру рәсімін автоматтандыруға бағытталған жұмыстар іске асып жатыр. Олардың әлеуметтік мәртебесі туралы қажет мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйе Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланады. Сонымен қатар, агрегатор-сайттар (яндекс, индрайвер және т. б.) арқылы жұмыс істейтін борышкердің жасырын табысын анықтайтын боламыз", – деді Ерлан Сәрсембаев.
Оқи отырыңыз: Ата-аналар да баласынан алимент сұрауға құқылы. 2024 жылы алимент туралы не білу керек
Оның айтуынша, қазіргі уақытта борышкерлердің өзге де кіріс көзін анықтау және олардан қарызды өндіріп алу мүмкіндіктерін талдау жасауда. Бұл кіріс көздері ішінде өзектілері: электрондық әмияндар арқылы алынған табыстар, букмекерлік компаниялардан түсетін кірістер, бағалы қағаздармен сауда биржасынан алынған қаржылар, криптовалюта операциялары арқылы табылған пайда, желілік маркетинг арқылы жүзеге асырылатын сату операцияларынан түскен түсімдер және такси қызметтерінен алған кірістер. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулер қаржылық жағдайды тұрақтандыру және борышкерлердің қарызын өтеуге бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
"Конституциялық соттың (2024 жылғы 28 маусымдағы № 372) Нормативтік қаулысымен дара кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардан кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға алименттерді есептеу және өндіріп алу туралы заңнамасын жетілдіру мәселесін қарау ұсынылды. Осы қаулыны орындау аясында "Неке және отбасы туралы" Кодекске сот дара кәсіпкерлерге алимент мөлшерін тұрақты ақша сомасында айқындауды көздейтін түзетулер әзірленді. Аталған заңнамалық түзетулер әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде депутаттардың қарауында жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта алимент өндіріп алуды жетілдіру мәселелері Парламент Сенатында қаралып жатқанын атап өткім келеді. Сенатта тиісті мемлекеттік органдардың және жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, сондай-ақ қоғам өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды", – деді ведомство басшысы.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59