Сырдарияға батқан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8-і кәмелет жасқа толмағандар еді", – делінген хабарламада.
Бүгін құтқарушылар туысымен бірге суға батқан баланың денесін тапқан болатын. Баланың денесі оқиға орнынан 15 шақырым жерден табылды.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында Сырдарияға батқан оныншы адамның денесі табылды
Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 17.40 шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырымдық жерде болған. Қайғылы оқиға төрт отбасының 20 мүшесі Сырдария өзенінің маңында демалуға барғанда болған.
ҚР ТЖМ рұқсат етілмеген жерде шомылмауға шақырды.