Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды. Қылмыстық іс қозғалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қақтығыс барысында суық қару қолданылып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған.

Шымкентте жол апатынан кейінгі жанжал кісі өліміне әкелді. Оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды ПД.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан кейін екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары арасында сөзге келу туындаған. Қысқа уақыт ішінде жанжал ушығып, жаппай төбелеске айналған. Қақтығыс барысында суық қару қолданылып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған.

"Өкінішке қарай, жараланғандардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан азамат 40 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз