Шымкент қаласы әкімдігі мен қала мәслихатының шешіміне сәйкес, Шымкент қаласындағы атауы жоқ көшеге Түркия және атауы жоқ саябаққа Қазақстан – Түркия достығы атауы беріледі. Бірлескен құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжат мәтініне, сәйкес, көше Абай ауданының Шымсити шағын ауданында, ал саябақ Еңбекші ауданының орталығында орналасқан.
"Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы болып таныған бауырлас Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толу құрметіне орай, Қазақстан және Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мақсатында көшеге және саябаққа атау беріледі", – деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.
Еске салайық, бір жыл бұрын Шымкентте Түркияның консулдығы ашылған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Қазақстан мен Түркия – тамырлас, бауырлас, достас мемлекеттер
- Түркия туралы қызықты мәліметтер. Фоторепортаж