USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шымкентте сарышаян қаптап, 80-нен астам тұрғынды шағып алған

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Улы жәндіктер негізінен халық енді ғана қоныстана бастаған жаңа аумақтарда көбейген.

Шымкентте улы жәндіктердің белсенділігі күрт артты. Бүгінгі таңда сарышаян шаққан 80 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың тең жартысы қазіргі уақытта ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.  

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, улы жәндіктер негізінен халық енді ғана қоныстана бастаған жаңа аумақтарда көбейген. Сарышаяндар көбіне аяқ киімнің ішіне, кереуеттің астына, перделердің тасасы мен ылғалды жерлерге тығылатындықтан, тұрғындар оларды байқамай қалады. Сондай-ақ мамандар жасыл шөптің үстіне отырар кезде де барынша абай болуды ескертеді.

Улы жәндік шаққан сәтте адамның тыныс алуы қиындап, өміріне қауіп төнеді. Сондықтан дәрігерлер мұндай жағдайда уақыт созбай, бірден жедел медициналық көмекке жүгіну қажеттігін алға тартты.


Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз жүретін жүк көліктері тексеріліп жатыр


"Көбіне сарышаян адамды ұйықтап жатқан кезде шағады. Далада, жерде жатпау керек деп халыққа осындай нұсқамалық айтатын едік. Себебі ылғалды жерде жәндіктердің барлығы болуы мүмкін. Сол үшін 10-15 сантиметр биіктікте жатып, астымызға көрпешемізді төсеп, жерге жата салмауды біз нұсқаулық ретінде беретін едік", – деді Шымкент қаласы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз