Шымкентте екі заңсыз онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды

Шымкентте екі заңсыз онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды
Алаяқтар адамдарды құмар ойынға WhatsApp мессенджері арқылы тартып отырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Bingo-37" және "Lotoboom" онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады. 

Алаяқтар адамдарға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберіп отырған. Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған. 

Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған. 

Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар. 

Сот үкімімен екі адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау