Қазақстан Үкіметі казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жұмыс істей алатын аумақтардың тізімін бекітті.
Қаулыға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды мына аумақтарда орналастыруға рұқсат етіледі:
- Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы;
- Ақмола облысының Бурабай ауданы.
Бұдан бөлек, тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет көрсететін казино мен ойын автоматтары залдарын ашуға болатын аумақтар да белгіленді. Мұндай ойын орындарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ сол жерде жұмыс істейтін немесе қызметтік міндетін атқару үшін келген адамдар кіре алады.
Оларға рұқсат етілген аумақтар:
- Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары;
- Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауы;
- Жетісу облысындағы Алакөл жағалауы және Панфилов ауданы;
- Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары;
- Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы;
- Абай облысындағы Алакөл жағалауы.
Үкімет қаулысы 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.