Тікелей эфир

Шымкентте адам өлтірген қылмыскерлер Мәскеуде ұсталды

Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған

Қазақстанда адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция депаратменті.

Шымкент полициясы ресейлік әріптестерімен бірлесіп, адам өлтіргені үшін айыпталған екі күдіктінің жүрген жерін анықтады.

Департаменттің мәліметінше, екеуі де Мәскеу облысында ұсталды.

"Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5.00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, үш ер адамды битамен және темірмен ұрып, соққан. Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде қаза болған", – деді полицейлер.

Қазіргі кезде ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары