Тікелей эфир

Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар

Апат салдарынан "Сузуки" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті.

Алматыда Мамандандырылған күзет қызметінің қызметтік көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. 

Оқиға 1 тамызда таңертең Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігі ұшыраған жол апаты бойынша тергеу басталды.

"Апат салдарынан "Сузуки" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары