Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда болған. Көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция таратқан ресми мәлімдемеде.
Құқық қорғау органдары тергеу барысына қатысты өзге мәліметтерді жарияламады.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етуге жатпайды", – деп атап өтті департамент өкілдері.
Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу барысы полицияның ерекше бақылауында.
USD:
510.9 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.39 / 6.51