Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Ресми дерекке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 10 қаңтардан бастап іздеуде. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Алайда қазіргі уақытта қылмыстық істің нақты мән-жайы мен қай бап бойынша күдікке ілінгені ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу органдары да бұл іске қатысты қосымша ақпарат бермей отыр.
Оқи отырыңыз: Baller, Қайсар Қамза, Арина Байкова: заңсыз казино жарнамалаған 34 қазақстандық блогер әшкереленді
Қайсар Қамза – әлеуметтік желілерде кеңінен танымал блогер. Оның Instagram желісінде 2,6 миллионнан астам оқырманы, ал TikTok платформасында 340 мыңнан аса жазылушысы бар. Ол өзін тревел-блогер ретінде таныстырып, көбіне шетелде түсірілген контент жариялайды. Сонымен қатар бірқатар қазақстандық фильмдерге де түскен.
USD:
510.9 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.39 / 6.51