Жоба 2023 жылға дейін қаланы дамыту мен салудың кешенді жоспары негізінде жүзеге асырылмақ.
Миллион тұрғыны бар оңтүстік қаланың құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алу порталында Конгресс-холл салу үшін ашық конкурс жариялады, деп хабарлады Inbusiness.kz сайты.
Лотта нысан Шымкент-сити ауданында салынатыны көрсетілген. Жобаның жалпы құны 13,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Аталған сома екі жылға бөлінеді:
- бірінші жылға – 871 978 012,93 теңге;
- екінші жылға – 12 956 717 530,07 теңге.
Техникалық ерекшеліктерге байланысты алдын ала жалпы соманың 30%-ы төленеді. Кепілдік мерзімі 60 ай болып белгіленіп отыр.
"Жеткізуші құрылыс кезінде ұлттық және халықаралық стандарттарды ескеруі тиіс. Ал ұлттық және халықаралық стандарттар белгіленбеген жағдайда заңнамалық тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындау талап етіледі", – деп жазылған техникалық сипаттамада.
Оқи отырыңыз: Шымкент қалай өседі? Үкіметте мегаполисті дамыту жоспары талқыланды
Құжаттамада көрсетілгендей, жоба мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
"Аталған инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында көрсетілген "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" ММ миссиясына толық сәйкес келеді. Атап айтқанда: туристік саланы дамыту үшін жағдай жасау, қоғамдық-мемлекеттік іс-шаралар өткізу, беделді саяси форумдар өткізу, тақырыптық фестивальдар, конференциялар мен концерттер өткізу", – делінген жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының қорытындысында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10 шілдеге дейін жалғасады. Айта кетейік, бұл жоба Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі дамуы мен құрылысының кешенді жоспарына енгізілген.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
364
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
326
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
307
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
324
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
294
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
285
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
262
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
300
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
303
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
287
-
0
-
0
-