Порностудияда кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім жұмыс істеген.
Интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп мәлімдеді полиция бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев. Бұл туралы polisia.kz сайты жазды.
"2021 жылдың шілде айында онлайн қызмет ұсынатын порностудия анықталды. Жарты жыл бойы қажет іздеу шараларын жүргіздік. Нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарының осы іспен айналысқанын анықтадық. Олардың бесеуі – Қырғызстан, алтауы – Қазақстан азаматы. Олар мегаполистің үш жалдамалы пәтерінде болған", – деді Арман Бейсенбаев.
Сот шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан 44 мың АҚШ доллары, Toyota Camry 70 және Lexus GX 460 көліктері тәркіленді.
Оқи отырыңыз: Қылмыскерлер халықтың өшпенділігін тудыру үшін полицейлер мен әскерилердің формасын киіп алған – ІІМ
"Аталған фактілер ҚР ҚК “ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету”, “кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту” баптары бойынша тіркелді. Сондай-ақ, қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматынан есірткі заттары тәркіленді. Қалада жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия әшкере болды. Онда 50-ге жуық қыз бала жұмыс істеген. Ішінде кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім бар. Бұдан өзге, олардың көпшілігінің есірткі тұтынғаны белгілі болды", – деді Арман Бейсенбаев.
Мұнымен қатар, полиция өкілі порностудияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болғанын және қызмет ақысын шетел валютасымен төлегенін хабарлады.
Еске салсақ, Қостанай облысында полицейлердің әйелге автобуста қалдырып кеткен 1 млн теңгесін қайтарып бергені туралы хабарлаған едік. Әйел ақша салынған сөмкені жоғалтқанын үйге келгенде ғана байқаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-