Тікелей эфир

Шымкент жүрек орталығы Назарбаев университетінің меншігіне өтеді

Үкімет қаулысының жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Шымкент жүрек орталығы "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілмек.

"Шымкент жүрек орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 пайызы Шымкент қаласының коммуналдық меншiгінен "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде берілсін" деп жазылған қаулы жобасында.

Бұл туралы алғаш Денсаулық сақтау министрлігінің University Medical Center корпоративтік қорын дамыту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жол картасынан белгілі болған еді. Жол картасына сәйкес, Шымкент қаласының жүрек орталығына оңтүстік өңірдің қан айналымы жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді жақсарту міндеті жүктелмек. Атап айтқанда, 2023 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: 

  • қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық (100 мың тұрғынға шаққанда) – 2402;
  • олардан болатын өлім (100 мың тұрғынға шаққанда) – 125. 

Оқи отырыңыз: Назарбаев университетінің меншігіне тағы бір медициналық орталық беріледі


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 28 шілдеге дейін.

Серіктестер жаңалықтары