Тікелей эфир

Назарбаев университетінің меншігіне тағы бір медициналық орталық беріледі

Ол – Шымкент қаласындағы жүрек орталығы.

"Шымкент қаласының жүрек орталығы" КеАҚ акцияларының 100 пайыз мемлекеттік пакетін "Назарбаев Университеті" ДББҰ меншігіне беру жоспарланып отыр. Қаулы жобасы тамыз-қыркүйекте Үкімет аппаратына енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің University Medical Center корпоративтік қорын дамыту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жол картасынан белгілі болды. 

Құжат жобасына сәйкес, Шымкент қаласының жүрек орталығына оңтүстік өңірдің қан айналымы жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді жақсарту міндеті жүктелмек. Атап айтқанда, 2023 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген: 

  • қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық (100 мың тұрғынға шаққанда) – 2402;
  • олардан болатын өлім (100 мың тұрғынға шаққанда) – 125. 

Оқи отырыңыз: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді


Сондай-ақ, жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылға қарай қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішін 20 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Бұл үшін ҚР халқына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын әзірленбек. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 4 шілдеге дейін. 

Серіктестер жаңалықтары