Тікелей эфир

Шымкент қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Ол әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиясы бар материалдар жариялады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады. Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.  

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.


Оқи отырыңыз: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі Қазақстанға қарай жылжи ма? Сейсмологпен сұхбат.


 

Серіктестер жаңалықтары