Тікелей эфир

Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді

Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдаған.

6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Бұл халықаралық жарыс – Қазақстандағы қысқы экстримнің басты шарасы, ол жыл сайын еліміздегі сноубординг пен тау шаңғысының дамуына зор үлесін қосып келеді. Жеті жылдық тарихында шара өз айналасында ауқымды қоғамдастық құрды.

2024 жылы фестиваль Шымбұлақ курортының дәл ортасында өтеді. Негізгі станция Алматы қаласының тұрғындарын, шетелдік туристер мен көрші елдерден келген қонақтарды жинайтын орталыққа айналады. Бұл 70-ші мерейтой маусымының соңғы аккорды болмақ. Фестиваль қонақтарын екі күндік спорттық және музыкалық бағдарлама күтеді.

Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. Дәстүрлі Big Air, Jibbing және бәріне ұнаған The Battle бағыттарынан басқа жаңа жарыс пайда болды – ол Jungle Сross, арнайы трассада өтетін ұшып кету қаупі бар жарыс.

"Мен осы жылғы Winter Jungle-ден керемет көңіл-күйді, жаңа адамдарды және шарадан шабыт алып, одан әрі экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу!" – дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.


Оқи отырыңыз: Kitap Fest Almaty 2023: Алматыда кітап фестивалі қалай өтеді?


Қазақстандық райдерлардан бөлек жарысқа Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия елдерінен келген шаңғышылар мен сноубордшылар қатысады.

"Алғашында мені Қазақстанға шақырған кезде – мен не күтетінімді білмедім. Мен стандартты емес идеяларды жүзеге асыратын шаралардың үлкен жанкүйерімін және Winter Jungle сөзсіз солардың бірі", – дейді Freeski жарысынан Польшаның 12 дүркін чемпионы, The Battle спорттық бағдарламасының басты шарасына шақырылған қатысушылардың бірі Sczepan Karpiel-Bulecka.

Халықаралық жарыстардан бөлек – фестиваль қонақтарын 20-дан астам әртіс пен диджейдан құралған алуан түрлі жанрлардағы бай музыкалық бағдарлама күтеді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары