Тікелей эфир

Kitap Fest Almaty 2023: Алматыда кітап фестивалі қалай өтеді?

9 қыркүйекте Арбатта жыл сайынғы Kitap Fest Almaty 2023 кітап фестивалі өтеді.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шараны Мәдениет басқармасы және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырады.

Kitap Fest – республикалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі және бұл іс-шара 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Биыл Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Келушілерді ауқымлы мәдени бағдарлама, қазақстандық жазушылармен және танымал тұлғалармен кездесу, сонымен қатар, «Менің алғашқы ертегілерім», «Как оседлать единорога?» және «Tarmaqtar» және т.б. көптеген жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.


Оқи отырыңыз: Ертегіден естелікке дейін: Министрлер мен депутаттар жазда қандай кітап оқыды?


Сонымен қатар, фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді. Онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.  Іс-шара аясында қала тұрғындарына 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылады.

KitapFest Almaty 2023 аясында:

  • «Жазушылар шатыры». Кітаптар тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.
  • «Кітаптар жайлы Offline». Қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлердің кітап оқудың пайдасы және олардың сүйікті шығармалары туралы пікірлері және т.б.
  • «Жазу өнері және шығармашылық үдеріс». Жас жазушылар мен баспагерлерге кітаптарды насихаттау құпиялары, авторлық құқықты қорғау туралы семинарлар мен дәрістер.
  • «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылар мен ақындармен сұхбат.
  • «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесінде жазушылар мен ақындардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж ұсынылады.
  • Миниатюралық кітап көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп сирек кездесетін кітаптар көрмесі.
  • Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендер өз кітап өнімдерін 20% - ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.
  • «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы. (Аниматорлар, ойын-сауық шоу-бағдарламасы, шеберлік сыныптары, бет бояуы, конкурстар).

Оқи отырыңыз: Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз? Психолог кеңестері.


 

Серіктестер жаңалықтары