Тікелей эфир

Сыбайлас жемқорлық аз елдер: Қазақстан нешінші орында тұр?

Ресей – тізімнің соңында тұр.

2023 сыбайлас жемқорлық аз елдер рейтингінде Қазақстан тізімнің соңғы жағында: 87 мемлекеттің ішінде 75 орында тұр.

Рейтинг 10 негізгі санат бойынша 73 негізгі критерийді ескере отырып, жұмыспен қамтылған азаматтардың сауалнамаларына негізделген. Бұл туралы finprom.kz жазды.

US News мәліметінше, ТМД елдері арасында сыбайлас жемқорлық бойынша Қазақстан Ресей мен Беларусьтен ғана алда. Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинада Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз.


Оқи отырыңыз: Қытай сыбайлас жемқорлықпен қалай күресті?


Сыбайлас жемқорлық ең аз елдер: Швейцария, Канада, Швеция, Аустралия және Нидерланд, ал Ресей – тізімнің соңында.

Қазақстанда осы жылдың  қаңтар–тамыз айларындағы қорытындысы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 1,2 мың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 17,7% аз көрсеткіш. Оның ішінде 855 іс – ауыр қылмыс, 283 іс – орташа ауыр қылмысқа, 43 іс – аса ауыр қылмыс, 41 іс – ауыр емес қылмыс.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады.


Қылмыстың басым бөлігі, яғни 460 іс пара беруге қатысты. Былтыр юбұл көрсеткіш – 417 болған. Екінші орында пара алу: 320 іс, яғни 20% азайған, ал үшінші орында  сыбайлас жемқорлық: 141 іс, яғни 44,9% азайған.

Серіктестер жаңалықтары