Су тасқынына дайындық: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Оның ішінде сегіз автокран, 14 самосвал, жеті трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында "Қазсушар" филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті.

Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.

"Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан сегіз жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз