USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

БҚО әкімі су тасқынына дайындық мәселелерін Ресей тарапымен талқылады

БҚО әкімі су тасқынына дайындық мәселелерін Ресей тарапымен талқылады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады. 

"Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен орналасқан, онда облыс халқының 75%-ына дейін тұрады. Сонымен қатар, Жайық өзенінен Орал қаласының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су алынады", – деді Нариман Төреғалиев.

Ол сондай-ақ болжамдар мен су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін ескере отырып, су қоймасының жұмыс режимін қалыптасқан гидрологиялық жағдайға сәйкес реттеу қажеттігін айтты. Бұл Жайық өзенінің төменгі ағысындағы су деңгейін көпжылдық орташа көрсеткіштерде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қазқстандық тарап су аз болған кезде суды ағызуды былтырғы көрсеткіштерден төмен болмау туралы ұсыныс жасады.

Кездесу нәтижесінде тараптар су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ су тасқыны әрекетінің барлық кезеңінде үздіксіз ақпарат алмасу туралы келісімге келді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз