USD: 472.1 / 475.1
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Шу мен Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғыны тұрақты газға қосылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкімет Жамбыл облысындағы газ жобасына 2,9 млрд теңге бөлді.

Жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында "Шу" автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.

Үкіметтің мәліметінше, жаңа газ тарату стансасының іске қосылуы жылыту маусымында газ тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Қазір Шу ауданы табиғи газды Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан "Қордай" автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы алып отыр. Алайда оның қуаты тұтынушылар санының артуына есептелмеген.

"Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін тұрғын үйлер, орталық қазандық пен кәсіпкерлік нысандары табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі. Жоба аясында Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғыны тұрақты табиғи газға қол жеткізеді. Сонымен қатар жаңа абоненттерге техникалық шарттар беру қайта жанданады", – делінген хабарламада.

Қазір құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау