Тікелей эфир

Су басқан елді мекендерден 76 мың адам құтқарылды. Оның 18 мыңы – бала

Жеті облыста 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды, оның ішінде 18 681 бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала бар. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді.

7 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 993 мыңға жуық қап төселді.

"11 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су айдау құралы және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды", – деді Сайпаш Ерасыл.

Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр.

"Шайылған 105 автожол, көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда тұр. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр", – деді спикер.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары