Тікелей эфир

Стипендия 2 рет өседі. Енді студент, магистрант және докторанттар қанша ақша алады

Шәкіртақыны 2024 жылы бір мәрте және 2025 жылы тағы бір мәрте өсіру жоспарланған.

Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, стипендия 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өссе, одан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаяды. 

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
  • интерндер – 85 376 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
  • "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
  • "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап докторанттар 217 мың теңге шәкіртақы алады. Смайылов қаулыға қол қойды


2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады: 

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге;
  • интерндер – 94 863 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге;
  • "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне мінеді деп жоспарланған. 

Серіктестер жаңалықтары