Тікелей эфир

"Стелс-омикрон" штамы қаншалықты қауіпті?

Жаңа штамм Қазақстанның 12 өңірінде анықталды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Стелс-омикрон" штамының қаупі жөнінде ескертті.

"Коронавирустың жаңа "Стелс-омикрон" штамы еліміздің 12 өңірінде анықталды. Ол "Дельтаға" қарағанда жеңіл өтеді. "Стелс-омикронның" қаупі оның тез таралып, қайта ауыруға әкелетінімен ерекшеленеді. Күнделікті мониторинг бұл штамның ел бойынша таралып жатқанын көрсетіп отыр. Соған орай, мамыр айының соңына дейін генетикалық зерттеу жүргізіледі", – деді министр.


Оқи отырыңыз: "Жалақы тағы 30 пайыз өседі". Дәрігерлерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр?


Ажар Ғиният коронавирус бергілерімен дәрігерге жүгінген науқастар толық көлемде ем алатынын атап өтті. Ол жаңа штамм карантин шараларын енгізуге әкеле қоймайтынын, қазір негізінен алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал маска тағуды міндеттеу мәселесі елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты қаралады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары