Coca-Cola компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресей Федерациясындағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды rbc.ru сайты.
"Бүгін Coca-Cola компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтататынын мәлімдейді", – делінген компания хабарламасында.
Мұнымен қатар, америкалық Starbucks кофеханалар желісі де Ресей Федерациясы аумағындағы қызметін тоқтатпақ.
Оқи отырыңыз: Украинадағы қазақ диаспорасының жетекшісі: Ресей басып кіреді деп күтпедік, дайын болмадық
"Бүгін біз Ресейдегі барлық Starbucks, өнімін жеткізуді қоса алғанда, қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық", – деді Starbucks бас директоры Кевин Джонсон.
Еске салсақ, Ресей банктерінің SWIFT-тен шектелетіні туралы хабарлаған едік.
USD:
524.5 / 527.1
EUR:
607.0 / 611.0
RUB:
6.35 / 6.47