USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 559.5 / 564.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы ауысты

Еркен Жакатай "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы болды.

Еркен Исаханұлы Жақатай "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады компанияның ресми сайты.

Еркен Жақатай 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша бітірген.

Одан "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде (2001 ж.) білім алды.

Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік ("Қазына" Тұрақты даму қорының "Даму "Қоры" АҚ, ҚР "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке секторда жұмыс істеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз