USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 559.5 / 564.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" басшысы қызметінен кетті

Ол 18 маусымнан бастап қызметінен босатылды.

"СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен кетті. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, ол Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 18 маусымда қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылғы 12 шілдеде тағайындалды.

2016 жылдан бері тәуелсіз директор ретінде компанияның бақылау кеңесі құрамында болған. Оған дейін "ҚТЖ", "БРК-Лизинг", "Қазтеміртранс", "Самұрық-Қазынада", сонымен қатар сауда және индустрия вице-министрі болды.

"СК-Фармация" - дәрі-дәрмекті сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз