Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тергеудің барысын түсіндірді.
Оның айтуынша, тергеу енді ғана басталған, алайда бұл жағдайды сотқа жеткізбей-ақ шешуге болар еді.
"Егер Жанәбіловтер біз шақырған кезде ынтымақтастық танытқанда, іс сотқа дейін бармас еді", – деді Елемесов сенаттағы брифингте.
Ол сонымен қатар агенттік 37 блогерге қатысты материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жібергенін атап өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, егер адам тағылған айыппен келіспей, өтініш білдірсе, іс сотқа жіберіледі.
"Жанәбіловтердің ісі де дәл осылай болды. Олар кінәсін мойындаудан бас тартты, өтініш жазды, нәтижесінде материалдар сотқа жолданды. Сот процесі барысында, мүмкін, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар өзге деректер анықталған болар", – деді ол.
Басқарма өкілі Жанәбілов пен Төлегенова ісі бойынша тергеу шамамен екі ай ішінде аяқталады деп хабарлады.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59