Испаниялық журналистер мен блогерлер "Шымбұлаққа" барды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыға 15 испандық журналист келді.

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді, деп хабарлайды қалалық туризм басқармасы.

Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды.

Сапар барысында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысып, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына барды.

Журналистерге алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазыл жолбасшы болды. Оның көмегімен қонақтар қала атмосферасын жақынырақ сезініп, Алматының ерекше колоритін таныды.

Мамандардың пікірінше, мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде танытуға, оның туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары