Ал мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға рұқсат жоқ.
Биыл 70 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Соған орай білім министрлігі соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді.
"Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?" деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз – иә, рұқсат. Бұл жақсы дәстүр ғой", – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Соңғы қоңырау ертең, 25 мамырда соғылады. Биыл оған ата-аналардың қатысуына рұқсат беріліп отыр. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусымда өтеді.
Оқи отырыңыз: "Дүкендегіден әлдеқайда қымбат". Білім министрі мектеп асханасына қатысты 4 мәселені атады
Білім министрлігінің талабы бойынша, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек. Бірақ, келесі аталғандарға рұқсат жоқ:
- аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тарту;
- мерекелік дастархандар жаю;
- жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, экскурсия өткізу;
- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинау;
- ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыру.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
320
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
276
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
283
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
273
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
283
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
251
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
241
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
244
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
238
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
247
-
0
-
0
-