Тікелей эфир

Соңғы 20 жылда болмаған суық. "Семей орманы" қорығында – 55 градус аяз

Бұл температура Дүйсекен станциясының аумағында болды.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында ол құрылғаннан бері ең төменгі температура тіркелді. Бұл туралы қорық зерттеушісі Айнұр Баймадиева хабарлады.

"2024 жылдың 21 ақпанына қараған түні Семей бөлімшесінің Батпаев орман шаруашылығында (Абай облысы Бородулиха ауданы Дүйсееен станциясының аумағы) термометр көрсеткіші -55°C-қа жетті. С Тау-Дала филиалының Үлкен орман шаруашылығында (Көкпекті ауданы) тіркелді. Бүкіл қорық бойынша бұл күні ең төменгі температура көрсеткіштері орта есеппен -31 градустан -50 градусқа дейін өзгерді", – деп жазылған "Семей орманының" Instagram желісіндегі парақшасында.


Оқи отырыңыз: Күн суытқанда асқынатын 6 ауру. Сақтану және емделу жолдары қандай?


Айнұр Баймадиева мұндай төмен температура қорықтың бүкіл тарихында – 2003 жылдан бері байқалмағанын хабарлады. Төменгі температура бойынша алдыңғы рекорд 2018 жылдың 26 ​​қаңтары болды. Ол кезде ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендеген.

Серіктестер жаңалықтары