USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Союз МС-29 кемесімен бірге Дүниежүзілік таеквондо федерациясының туы да ғарышқа аттанды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
Бұл бастамаға қазақстандық федерация ұйытқы болды.

Қазақстан таеквондо федерациясының бастамасымен Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми туы алғаш рет ғарышқа аттанды. Осылайша World Taekwondo ресми туы ғарышқа ұшырылған алғашқы халықаралық спорт федерацияларының біріне айналды. Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

World Taekwondo туы 2026 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 19:47-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз МС-29" басқарылатын ғарыш кемесімен Жер орбитасына жол тартты.

Бұл тарихи миссия 2027 жылғы 5-13 шілде аралығында Астана қаласында өтетін таеквондодан әлем чемпионатына бір жыл қалуына арналған ресми кері санақ аясында ұйымдастырылды.

Федерацияның мәліметінше, зымыранның ұшырылуын World Taekwondo президенті доктор Чунгвон Чоу арнайы тамашалап, бұл миссияны бейбітшілік, үміт және адамзат мүмкіндігінің шексіздігін паш ететін маңызды символ деп атады.

Ғарыш сапары барысында экипаж мүшелері World Taekwondo туымен арнайы фотосуретке түседі. Келесі жылы Жерге оралғаннан кейін туға арнайы ғарыштық белгі қойылып, ол Астанада өтетін 2027 жылғы Әлем Чемпионатының ресми туы ретінде пайдаланылады.

Экспедиция құрамында "Роскосмос" ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон бар.

Ұшырылым алдында доктор Чунгвон Чоу World Taekwondo-ның ресми туын әйгілі ғарышкер Сергей Крикалёвке салтанатты түрде табыстап, әлемдік таеквондоның осы тарихи ғарыш миссиясына символдық қатысуын рәсімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау