SITA әуе навигациясына арналған жылдам әрі қауіпсіз байланыс жүйесін ұсынды

Фото: SITA
Фото: SITA
Платформа азаматтық авиация органдарына, әуе навигация қызметтерін жеткізушілерге және салалық реттеушілерге арналған.

Әлем бойынша әуе қозғалысын басқару құрылымдары әлі күнге дейін ескірген хабар алмасу жүйелерінің шектеулерімен бетпе-бет келуде. Бұл жүйелердің күрделілігі мен қазіргі талаптарға бейімделуінің баяулығы трансшекаралық үйлестіруді қиындатып, өсіп келе жатқан әуе трафигі жағдайында тиімділікке кері әсер етеді.

SITA компаниясы бұлтты негіздегі инновациялық және қолдануға оңай SaaS-платформа – SITA ATC Bridge байланыс жүйесін іске қосты. Ол әуе қозғалысын басқару қызметін жақсартуға мүмкіндік береді.

Компания өкілдерінің айтуынша, Әлем бойынша әуе қозғалысын басқару құрылымдары әлі күнге дейін ескірген хабар алмасу жүйелерін қолданып отыр. Бұл жыл санап артып келе жатқан әуе қозғалысын басқару ісін баяулатады және қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. 

Ал жаңа платформа азаматтық авиация органдарына, әуе навигация қызметтерін жеткізушілерге және салалық реттеушілерге арналған. Олар үшін жылдам, сенімді және кеңейтілетін байланыс шешімі өте маңызды. ATC Bridge арқылы дәстүрлі жүйелерге қарағанда шығын азаяды, жұмыс жеңілдейді, ал дамушы нарықтар үшін қолжетімділік артады.

"Сала әуе навигациясы қызметтерін жеткізушілерден аз шығынмен көбірек нәтиже талап етеді: өсіп келе жатқан трафикпен күресу және жиі шектеулі бюджетпен жүйелерді жаңарту қажет. Дәстүрлі байланыс жүйелері бұл процесті қиындатады. Олар – қымбат, күрделі және икемсіз. SITA ATC Bridge осы мәселені шешеді. Бұлтты қауіпсіз платформаға көшу – бұл авиациялық органдар үшін икемділік, жылдамдық және қазіргі талаптарға сай трансшекаралық ынтымақтастықтың кілті", – деді SITA компаниясының коммуникация және деректер алмасу жөніндегі аға вице-президенті Мартин Смайли.

ATC Bridge – бұл үнемділік, қауіпсіздік және жеңіл ендірілу сынды артықшылықтарды біріктіретін жаңа SaaS-коммуникациялық платформа. Ол көлемді хабарламалармен жиі алмасу талап етілетін қазіргі операциялық қажеттіліктерге толықтай сай келеді. Платформа дәстүрлі де, жаңа буындағы ANSP (аэронавигациялық қызмет жеткізушілер) үшін де масштабталатын, сенімді және қауіпсіз шешімді ұсынады.

ATC Bridge жаңа буындағы хабар алмасу шлюзін ұсынады, ол арқылы пайдаланушылар қауіпсіз әрі сенімді түрде үлкен көлемдегі ақпаратпен бөлісе алады. Физикалық орнатуды қажет етпейтін бұлтты жүйе қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл авиациялық органдарға нақты уақыт режимінде тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік м платформаның негізгі басымдығы. Онда деректерді шифрлау, қатаң қолжетімділік бақылауы, қосылымды аутентификациялау, антивирустық қорғау және жүйелі аудит қарастырылған. Автоматты жаңартулар ICAO және IATA сияқты халықаралық авиация стандарттары мен хаттамаларына сәйкестікті қамтамасыз етеді, бұл клиенттерге өз операцияларының салалық талаптарға сай екеніне сенімділік береді.

Серіктестер жаңалықтары