USD: 469.1 / 471.7
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Синоптиктер: Қазақстанның оңтүстігінде 47 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте +47 градусқа дейін аптап ыстық болады.

17 шілдеде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік аймақтарда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +47 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Солтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі

Синоптиктердің болжамынша, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде бұршақ түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Ал Жезқазғанда жауын-шашынсыз, бірақ ыстық ауа райы сақталады.

Оңтүстікте +47 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында күндіз ауа температурасы +45...+47 градусқа дейін көтеріледі.

Ал Тараз бен Қонаевта +40...+42, Талдықорғанда +37...+39, Алматыда +40...+42 градус ыстық болады.

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін жетеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау