2026 жылғы шілдеде Астана күніне орай қазақстандықтар тағы бір қосымша күн демалады. Мемлекеттік мерекенің дүйсенбіге сәйкес келуі арқасында ел тұрғындары қатарынан бірнеше күн демалу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда жыл сайын 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Мемлекеттік мереке мәртебесіне ие бұл күн ел астанасының Алматыдан Астанаға көшірілуіне орайластырылған.
2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге тоқайласып тұр, сондықтан қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтеді.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
- 4 шілде (сенбі) – демалыс күні;
- 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
- 6 шілде (дүйсенбі) – Астана күніне орайластырылған мерекелік демалыс күні.

Осылайша, ел тұрғындары қатарынан үш күн – 4-нен 6 шілдеге дейін (қоса алғанда) демала алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жастар жұмыссыздығы азайды. Қалада қандай жобалар жүзеге асып жатыр?
Алты күндік жұмыс аптасы үшін кесте төмендегідей болады:
- 4 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
- 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
- 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік графикпен жұмыс істейтін азаматтар үшін 5 демалыс және 26 жұмыс күні қарастырылған.