USD: 487.7 / 490.7
  • EUR: 568.0 / 573.0
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда жастар жұмыссыздығы азайды. Қалада қандай жобалар жүзеге асып жатыр?

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Алматыда жастар ғылымына алғаш рет әкімдік гранттары бөлінді.

Алматыда бүгінде 14 пен 35 жас аралығындағы 712 мыңнан астам жас тұрады. Бұл мегаполис халқының шамамен үштен бірін құрайды. Қала билігінің мәліметінше, жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалардың нәтижесінде олардың қоғамдық белсенділігі артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының хабарлауынша, соңғы бір жыл ішінде 350 мыңнан астам жастың қатысуымен мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылған. Әлеуметтік жобалар, еріктілер қозғалысы мен азаматтық бастамаларға жастардың қатысуы артып келеді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да күшейтілген. "Таза Қазақстан" акциясы аясында 5,7 мыңнан астам адамның қатысуымен 55-тен астам экологиялық іс-шара өткен. Оған 1,8 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған.

"Plastic Hunt, Plastic-FREE Week, "Қағаз boom", EcoQuest Almaty және EcoQala Fest секілді жобалар барысында жүздеген келі пластик қалдықтары мен тоннаға жуық макулатура қайта өңдеуге жіберілген. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру жобалары іске асырылып, мыңдаған студент қамтылған. Қаладағы 11 жастар комьюнити орталығы жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп, жұмысқа орналасу мен кәсіпкерлік бойынша кеңес береді. Өткен жылы бұл орталықтардың қызметін 17,6 мыңнан астам жас пайдаланған. Биылдың өзінде олардың ұйымдастырған іс-шараларына 210 мыңнан астам адам қатысқан", – делінген хабарламада.

Алматы халықаралық жастар орталығы ретіндегі позициясын да нығайтып келеді. Қала Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесіне ие болды. Өткен жылы алғаш рет Халықаралық жастар күні аясында ауқымды Alma Love фестивалі ұйымдастырылып, мыңдаған жас бас қосты.

Жұмыспен қамту саласында да оң өзгерістер байқалады. 2025 жылы 24,4 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 12 мыңнан астам адам түрлі оқыту бағдарламаларынан өтіп, олардың 7,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,4 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеген. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға дейін қысқарған.

Ғылым саласында да жаңа бастамалар қолға алынуда. Қазақстанда алғаш рет әкімдік деңгейінде ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы іске қосылып, 10 жобаға 348 млн теңге бөлінген. Қаржыландырылатын жобалар экология, жасанды интеллект, энергетика, денсаулық сақтау және цифрландыру бағыттарын қамтиды.

Қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері Алматының жастардың білім алуына, ғылыммен айналысуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасалған қала ретіндегі мәртебесін нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз