2025 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда отбасылық тәрбие берудің жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы моделі енгізіледі. Оларды материалдық жағынан қолдау үшін:
- әр бала үшін ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы төленеді;
- кәсіби ата-ана (тәрбиеші) ретінде жұмыс істегені үшін 70 АЕК мөлшерінде еңбекақы беріледі.
"Бұл модель Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты елдерде кең қолданыста және интернат мекемелеріне балама ретінде табысты жұмыс істеп келеді. Жүйе жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды интернат ұйымдарына емес, арнайы дайындалған отбасыларға орналастыруға мүмкіндік береді", – делінген SocioExpert хабарламасында.
2024 жылдың басындағы ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 21 387 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген. Оның 17 660-і (82%) қазақстандық отбасылардың қамқорлығына (қамқоршылық, патронат, асырап алу және т.б.) берілген. Соңғы 10 жылда жетімдер үйлеріндегі балалар саны 9 мыңнан 4 мыңға дейін азайған, яғни 65%-ға төмендеді. Балалар үйінің саны да едәуір қысқарды.
Оқи отырыңыз: 5 жылда жетім балалар саны 2 мыңға азайды – Бектенов
"Алайда, жүргізіліп жатқан саясаттың оң әсеріне қарамастан, шешімін таппаған бірқатар жүйелік мәселелер бар. Мәселен, отбасына орналастыру формаларының ішінде асырап алу үлесі әлі де өте төмен. 5 мыңнан астам азамат бала асырап алу кезегінде тұрғанымен, 2023 жылы – 194, 2024 жылы – 153 бала ғана жаңа отбасын тапқан. Бұл көбіне баланың құқықтық мәртебесінің толық реттелмеуімен, әкімшілік кедергілермен және үміткер отбасылардың көбіне сәбилерді ғана таңдауға ұмтылуымен байланысты", – делінген хабарламада.
USD:
515.7 / 518.3
EUR:
604.5 / 608.5
RUB:
6.43 / 6.55